Ақтөбеде егіз қыздар бірге тұрмысқа шықты. Олардың екі тойы да бір күнде өтті.
Альбина мен Альмира есімді апалы-сіңлілі қыздар ұзатылып, бір отбасында қос қуаныш болды.
Егіз қыздардың тойының суреттері мен видеосы желіде тарап кетті. Желі қолданушылар арасында екі күйеужігіттің де егіз екенін айтқандар бар. Алайда кейбірі бұл пікірге келіскен жоқ.
“Қандай керемет, бақытты болыңыздар”, “Құтты болсын, ана бақытын, әйел бақытын тілейміз”, “Екі қалыңдық та, күйеужігіттер де сұлу екен”, “Бір үйде қос қуаныш болған қандай жақсы”, – деп жазады желідегілер.