jasqazaq.kz

Еден жуушы Астанадан үш пəтерді қалай алды?

03 наурыз 2018, 13:54

Өткенде Алишер Еликбаев деген орыстілді блогер Қазақстан ақиқатынан ауылы алыс бір ертегіні жазып, ду қол шапалаққа қарық болып жатыр еді. Қысқаша айтқанда, Алишердің жазбасы Астанада бір сауда орнында еден жуатын әйелдің қалайша қаладан элиталық бір емес, екі емес, үш пәтер сатып алғанын баяндаған.

Оның жазуынша, әлгі әйел сауда орталығындағы бутиктерді жуып, одан қалған уақытында байлардың асын пісіріп, үйін жинайды екен. Алған ақшасын шашау шығармай жинап-жинап, элиталық пәтер сатып алыпты. Өзі жатақханада тұрса да әлгі пәтерді жалға беріп, тағы да ақшасын жинап-жинап, тағы да екі пәтер сатып алыпты. Неғылған жанкешті дерсің?! Сөйтіп, үш пәтері болса да әлі еден жуып, жатақханасында тұрып жатыр екен. Өз басым Астанадағы байлардың асын пісіріп, еденін жуатын бір әйелді білем. Расында да Астанадан үш бөлмелі пәтер алды. Күйеуінің атынан небір құрылыс және жабдықтаушы фирмаларын ашты. Тіпті, Н.Назарбаев әуежайының жанынан үлкен логистикалық орталық салып жатыр. Бірақ еден жуушы әйелдің күйеуі осыншама дүниеге ие бола тұрып, өзі қақаған қыста Астананың құрылыстарының бірінде кірпіш қалайды! Үйінің гаражында теміржолға қажетті, ең бірінші сұранымға ие тауар толып тұр. Рас, соның бәріне еден жуғыш әйелінің арқасында «қол жеткізді». Сонда қалай дерсіз. Былай. Әлгі әйелдің жуып жүрген үйдің қожасы ұлттық компанияларда қызмет атқаратын әйдік шенеунік. Мемлекеттен ақша ұрлаудың классикалық жолын меңгерген. Өзінің атында ештеңесі жоқ. Әлгі әйелдің жағдайын жасап, үй әперді. Күйеуінің атына небір фирмаларды тіркеп, соның атынан жұмыс жасап жатыр. Әйтпесе, үй жинап, еден жуғаннан байып кету деген біздің қазақстандық реализмге келетін нәрсе ме? Астанада еден жуғаннан сөйтіп байитын болсақ, әлемде бұл қазақтан асқан еден жуушы табылар ма еді?! Мен журналистиканы, әйелім мұғалімдікті тастап, бәріміз Астанаға көшер едік. Бір күнде он сауда орталығы мен отыз үйдің шаңын тілімізбен жылтыратып бермейміз бе? Әйтпесе, миллион теңге жалақы алсаң да Астанада бағасы 200-300 мың доллардан басталатын элиталық пәтер сатып ала алмассың! Миға сиятын нәрсе туралы жазған жөн ғой. Ал жемқорлықты зерттеуші қызмет бұдан былай шенеуніктердің үй қызметшілері мен көлік жүргізушілерін де жақсылап назарға алуы керек. Өткенде бір кәсіпкер досым: «Қазір бізде мемлекеттік қызметкерлер мен күштік құрылымдағылардан (полиция, прокурор, сот) асқан бай, олардан өткен кәсіпкер жоқ» деген еді. Оның рас сөз екенін бәріміз білеміз…

Бұл туралы Тоқтар Жақаш facebook парақшасында жариялады.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен