jasqazaq.kz

Е.Біртанов: Дәрігерді қателігі үшін жазаламау керек

29 қантар 2018, 15:39

Дәрігердің қателесуге құқы бар. Мұндай пікірді бүгін еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дәрігерлік қателік үшін жазалауға болмайды. Мұны біз нық сеніммен айта аламыз. Өйткені дәрігердің да қателесуге құқығы бар. Еш уақытта да 100 пайыз қай диагонз, қандай емдеу жолы сенімді екендігін білу мүмкін емес және де денсаулық сақтау жүйесі дамыған көптеген елдердің тәжірибесі аталған қателіктерді анықтауға бағытталған. Олар декларацияланады, қарастырылады және қызметкерлерді оқыту үшін шаралар қабылдайды. Бірақ, жазалау үшін емес», — деді Елжан Біртанов Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. Оның пайымынша, дәрігерді жазалау саладағы мамандардың кетуіне әкеліп соғады. Сондықтан да дәрігердің дұрыс медициналық көмек көрсетуге мүмкіншілігі болғанымен, оны қаламағандықтан салғырттыққа жол бергендігін бөле қарастыру қажет. «Ал ол медициналық көмек көрсету барысында қателесуі мүмкін. Меніңше, ол кезде ешқандай да қылмыстық жауапкершілік болмауы тиіс», — деді Елжан Біртанов.

 

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті