26 ақпан мен 1 наурыз аралығында Испанияда Дүниежүзілік ұялы байланыс-2018 конгресі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат сайты Синьхуаға сілтеме жасап хабарлайды.
«Аталған жиында «5G» жүйесі кең талқыланды. Өткен жылғы конгресте «5G» жүйесінің теориялық және оны енгізудің перспективалық мүмкіндіктері сөз болса, биыл 5G дәуірінің басталатындығы, оның «қолжетімділігі» нақты айтылды», — деп жазады агенттік.