jasqazaq.kz

Динара Зәкиева: 12 жасқа дейінгі балаларды үйде қараусыз қалдыруға тыйым салу керек

02 желтоқсан 2024, 12:47

Баланың ата – бала. Бес минутқа көзің тайып кетсе, бірдеңе бүлдіруге дайын тұрады. Ата-анасы есікті сыртынан құлыптап, көршіге кіріп шығам дегенше үйді өртеп жіберген жүгермектер қаншама!

Ондай кезде өздері аман қалса жақсы. Балалар омбудсмені Динара Зәкиева жыл басынан бері 15 өрттің салдарынан балалар мерт болғанын айтады. Көп жағдайда олар үйде жалғыз болған. Сондықтан ол 12 жасқа дейін балаларды үйде қараусыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салу керек деген ұсыныс тастады.
«Осындай деректерді талдай келе, 12 жасқа дейінгі балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салу қажет деп санаймын. Әрине, сонымен бірге көмекке мұқтаж отбасылар мемлекет тарапынан қарастырылған бағдарламалармен қамтамасыз етілгені жөн», — дейді Зәкиева.

JQ-Aqparat

Фото: baimedia.kz

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет