Парламент мәжілісінің депутаты, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, заң ғылымдарының докторы Нұрлан Орынбасарұлы өз ойын қазақша дұрыс жеткізе алмаған Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті сынға алды.
Nur.kz хабарлағандай, Ақышевтің өте білімді азамат екенін алға тартқан депутат Дулатбеков оған намыс пен парасаттылықты да қатар алып жүруге кеңес берді. «Мен сізге айтар едім: «Ана тілің — арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте», — деген қазақтың жақсы өлеңі бар. Соны жұмыс тақтайшаңызға жазып қоюыңызды сұраймын, рахмет», — деп аяқтады сөзін Нұрлан Орынбасарұлы.
Ұлттық банк төрағасы болса мінберде тұрғанда күрделі терминдерді қазақшалап айту қиынға соғатынын айтып, тілшілерге ақталды.