jasqazaq.kz

Депутат Ардақ Назаров Түркістанда арақ ішіп, көшеде ләйліп жүруге тыйым салуды ұсынды

18 желтоқсан 2024, 14:01

Бүгін Мәжілісте Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы қаралды. Талқылау кезінде Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров айрықша ұсыныс айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

«Бір-екі жыл бұрын Түркістанда болғанбыз. Түркістан – рухани астанамыз. Түркістан – арақсыз қала. Осы заңның аясында Түркістанда арақ ішуге, сатуға, арақ ішіп, ләйліп көшеде жүруге тыйым салсақ… Өйткені Түркістан рухани астанамыз болғандықтан, бүкіл қазақ осы жерден рух алуы керек. Ол жерде біздің бабаларымыз, әулие, батыр, билеріміз жатыр. Шетелден көп қонақ келгенде біздің азаматтарымыз ішіп алып, алдынан шығатын болса, ұят қой. Осы заңның аясында «арақсыз қала», «рухани қала» деп араққа тыйым салуға бола ма?» – деді Ардақ Назаров.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бұл мәселені де тиісті заң нормалары аясында қарастыру қажет екенін айтып, өңірде «ішімдіксіз ауыл» жобасына қосылып жатқан ауылдардың саны 30-ға жеткенін еске салды.

«Түркістан облысында «Ішімдіксіз ауыл» деген арнайы жоба жарияланған. Осы жобаға біздің облыс бойынша 30-дан астам ауыл қосылып отыр. Бұл бастама Түркістан қаласында да жергілікті зиялы қауыммен, ақсақалдармен, әртүрлі қоғам белсенділерімен талқылаулар түрлі форматта өткізілген. Дегенмен Түркістан қаласының негізгі рухани-мәдени бағытымен қатар, туристік бағыттағы қала ретінде де таңдалып бекітіліп отыр. Соған сәйкес бизнес қауымдастықтың өкілдері тарапынан ол мәселеге де түрлі көзқарас туындатып отыр. Аталған мәселе де орынды», — деді Бейсенбай Тәжібаев.

JQ-Aqparat

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет