Ажырастық деп жар салған Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет қайта табысты. Ақботаның кешірімін алған Айдарқұлов көз созбай қуанышты хабарды желідегі оқырмандарына жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.
“Біздің супер қарындасымыз Даянаны туған күнімен құттықтадық. Сүйіктіммен және ақылды қызбен бірге”, – деп бөлісті Дәурен.
Инста-оқырмандар бұл жаңалықты әртүрлі қабылдады. Олардың бір тобы Дәурен мен Ақбота үшін қуанып, екі жасқа махаббат тілесе, екіншілері қателігінен сабақ алмаған Ақботаны сынап жатты.