Актер Дәурен Айдарқұлов Ақбота Сейітмағамбетпен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Today.kz.
«Біз біргеміз, болды! Тақырыпты жабамыз. Ұзақ уақыт үндемедім, шыны керек, әрі қарай да үнсіздігім жалғасады, өз ісімді мұқият жасай беремін, бір ғана отбасымды сақтап қалу мақсатымен», — деп жазды Дәурен.
Айта кетейік, актер Дәурен Айдарқұлов бірінші әйелімен ажырасып, әнші Ақбота Сейітмағамбетпен шаңырақ көтерген еді. Кейін Ақбота Дәуренмен ажырасқанын айтты.