jasqazaq.kz

Дарынды жастарды қолдау

16 желтоқсан 2021, 13:48

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Аз ғана уақыт ішінде еліміз ғасырға татитын жолды жүріп өтті.
Тәуелсіз Қазақстан тарихы — бүкіл дүниежүзіне белгілі дара тұлғаға айналған саясаткер, біртуар стратег Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Тұңғыш Президентіміздің сарабдал саясаты, көрегенділігі арқасында Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсті.
Қазірде Елбасы саясатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жалғастыруда.
Алғаш Тәуелсіздік алған жылдардан бастап жастар саясаты мәселелері мемлекет назарынан тыс қалған емес.
Талантты жастарды қолдау мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының бастамасымен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы тағайындалды. Әр жылдары бұл сыйлыққа түрлі саладағы 296 жас азамат ие болды.
Бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруға бағытталған аса маңызды серпінді жобалардың бірі — «Болашақ» халықаралық стипендиясы болды. 28 жыл ішінде 14 мыңнан астам қазақстандық жас стипендия алып, әлемнің ең беделді жоғары оқу орындарында оқыды, оның ішінде 280-нен астам шығысқазақстандық жас бар.
2005 жылы құрылған «Жасыл ел» жобасы бүгінде жоспарлы жұмысын жалғастырып келеді. Жоба басталғаннан бері 250 мыңнан астам адам, оның ішінде 20 мың жас шығысқазақстандық маусымдық жұмысқа тартылды.
2009 жылы бірден екі ауқымды жоба басталды: «Жастар тәжірибесі» және «Дипломмен ауылға!». Бірінші бағдарламаға 147 мыңнан астам адам, ал екінші бағдарламаға 60 мыңнан астам адам қатысты.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері 18 шығысқазақстандық жеңімпаз атанды.
Бүгінде «Серпін» бағдарламасын бойынша оқу бітірген түлектер саны 7707 адамды құрады, оның 71,7% тұрақты жұмыспен қамтылды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды бастамаларының бірі президенттік Жастар кадрлық резервін қалыптастыру болды. Нәтижесінде 300 қазақстандық жас іріктелді, оның 6-сы шығысқазақстандық. Биліктің өкілді органдарына жастар мен әйелдерді сайлау үшін 30% квота енгізілді.
Биыл Елбасының тапсырмасы бойынша талантты жастарға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бекітілді.
«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы бекітілді, оның аясында жастарды қолдау бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» арнайы бағыты көзделген.
Өңірлік университеттердің бәсекеге қабілеттілігін, жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру және түлектердің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуін төмендету мақсатында «Білікті маман» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында еліміздің және өңірдің 7 жоғары оқу орнында 1856 студент білім алуда.
«Жас Маман» жобасы іске асырылуда. Колледждер базасында WorldSkills халықаралық стандарттары бойынша жабдықталған экономиканың түрлі салалары бойынша 5 құзыреттілік орталығы құрылды. Жыл соңына дейін тағы 5-ін ашу жоспарлануда.
Егемендік — əр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт. 30 жыл деген тарих үшін аса көп уақыт емес. Осы жылдар ішінде еліміз басынан үш дағдарысты өткерген екен. Аталған қиын-қыстау кезеңдер еліміздің шыдамдылығы мен төзімділігін қайрап, бүгіндері біздің Еуразиялық экономикикалық кеңістікті құру секілді бірқатар басым батыл қадамдармен алға жетелеуде.
Құрметті достар! Егемен еліміздің отыз жылдығы көпұлтты Отанымыздың одан әрі сенімді дамуының айнымас кепілі болсын!
Аға ұрпақ үмітін ақтап, келер ұрпаққа бай-қуатты ел, байтақ жер, бағаналы ордамызды табыстау жолында бірге жұмыс істеуге шақырамын!

24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды