jasqazaq.kz

Дәрігер әкім соққыға жыққан баланың жағдайын айтып берді

26 ақпан 2018, 16:38

Астана қаласының №2 балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу-алдын алу жұмысы бойынша орынбасары Ұлықбек Асылбеков Қорғалжын ауданында әкім соққыға жыққан баланың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Диас біздің ауруханаға ақпанның 22-нен 23-не қараған түні түсті. Аурудың анамнезі бойынша баланы ересек адам соққыға жыққан. Ауруханаға түскен кезде барлық дәрігерлер — травмотологтар, хирургтер, нейрохирургтер оны тексерді. Тексеру жұмыстары жүргізіліп, құрсақ қуысы органдарына узи зерттеулері жүргізілді. Одан кейін бас миына компьютерлік томография жасалды», — дейді дәрігер. Бас дәрігердің орынбасары сонымен қатар Диас Мұраттың нақты диагнозын атады. «Бүгінгі диагнозы: бас миының шайқалуы, иық буындары мен белдің жұмсақ тінінің жаралануы, бес аумағының жаралануы. Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа-күрделі, өміріне ештеңе қауіп төндіріп тұрған жоқ. Томография қорытындысына сәйкес, бас миы жағынан қан құйылуы немесе жарақат алу жағдайы жоқ», — дейді ол. Ұлықбек Асылбековтың айтуынша, әдетте, мұндай жарақатпен түскен балалар 5-7 күндей ауруханада жатып, жеті күндей бақылауда болып, одан ары неврапотологтың бақылауымен тұрғылықты жеріне қайтарылады. «Бала бізге түскен кезде есін білген. Қазір бастың аздап ауырғаны сақталып тұр. Бас миының шайқалуы жеңіл бас-ми жарақатына жатады. Ота жасалған жоқ», — деп түйді ол.

 

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр