Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегінде венгриялық Золтан Шабоны жеңді.
Бұл туралы SPORTINFORM-ге сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Лондондағы «York Hall» орталығында қазақстандық боксшы, «Matchroom Boxing» компаниясының жұлдыздарының бірі Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы венгриялық Золтан Шебо болды.
6 раундқа созылған жекпе-жек қазақстандық боксшының (60-54) жеңісімен аяқталды.
Естеріңізге сала кетсек, Елеусінов кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегінде америкалық Ноа Кидті жеңген еді.