jasqazaq.kz

Данияр Ақышев теңге бағамына қатысты пікір білдірді

11 сәуiр 2018, 13:54

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев долларға шаққанда теңге бағамының өзгеруіне қатысты түсінік берді.

«Еркін айырбас бағамы жағдайында шетелдік валюталарға шаққанда біздің теңгенің бағамы ішкі және сыртқы факторларға байланысты екені белгілі. Шын мәнінде, соңғы бірнеше күн бұрын орын алған оқиғаларға дейін барлық макроэкономикалық параметрлер тұрақты болды. Бірінші кезекте мұнайға қатысты жоғары баға мен саудадағы серіктес елдердегі тұрақтылықты байқадық. Өкінішке қарай, АҚШ-тың Ресейге қатысты қосымша жаңа санкцияларын енгізуге қатысты оқиға РФ қор нарығында құбылмалыққа алып келді. Кейіннен бұның салдары валюта нарығына ықпал етті. Ресей біздің сауда серіктесіміз. Біз ЕАЭО-ға қатысушы елдер болып саналамыз. Әрине, бұл бағыттағы үрдістер әсер етпей қоймайды», — деді Ақышев Мәжілістің жалпы отрысынан кейін журналистерге. Оның сөзіне қарағанда, соңғы екі күнде ресейлік рубль АҚШ долларына қарағанда номиналдық мәнде шамамен 10 пайызға, ал теңге бүгінгі таңғы сессияны ескере отырып 3 пайызға әлсіреді. «Бұл өз кезегінде бағамның өзгеруі тепе-тең болмайтынын аңғартып отыр және ол міндетті емес. Теңге ешқашан рубльге байланбаған. Біз бір-бірімізге ықпал ете аламыз, алайда тікелей байланып тұрған жоқпыз», — деп түсіндір Ұлттық банк басшысы.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды