jasqazaq.kz

Дана Есеева: Күйеуіме құрбым ғашық болып, екеуін қоспақ болғанмын

14 сәуiр 2021, 15:27

Дана Есеева Мейіржан Төребаевпен қалай танысқанын еске алды. Айтуынша, бастапқыда қазіргі күйеуі мен өз құрбысы екеуін қоспақ болған. Алайда Мейіржан құрбысын емес, Дананың өзін ұнатқан екен.

«Біз Мейіржан екеуміз 2004 жылы КВН-ге дайындық кезінде таныстық. Ол маған күлкілі, әрі әдемі жігіт болып көрінді. Бірақ жігіт ретінде ұнаған жоқ. Оның үстіне оны менің құрбым ұнатып қалды. Мен жеңгетайдың рөлін ойнап, екеуін қоспақ болдым. Алайда құрбым мен Мейіржанның әңгімесі жараспады. Мейіржан үнемі менің өзін шығарып салғанымды қалады», — деді Дана Есеева.

Айтуынша, Мейіржан Дананың құрбысын 4 рет үйіне шығарып салып, кейін әңгімесі жараспаған.

«Бірде Мейіржан менен құрбысымен қоспауды сұрады. Содан кейін екеуміз сөйлесіп кеттік. Әрі қарай махаббат басталды», — деп еске алды актриса.

Бүгінде Мейіржан мен Дана бес баланың ата-анасы. Дана алғашында көп әйелдер секілді күйеуінен көп нәрсені талап еткенін айтады. Алайда өзі оған қолдау көрсеткен соң ісі алға басқан екен.

«Ер азаматтан көп нәрсені сұрай берген жақсы емес екен. Керісінше қолдау көрсету керек. Оған тек әйел болу керек. Сонда ол бәрін жасай алады. Ешқашан өзіңізді өзгенің отбасымен салыстырмаңыз. Сізді күйеуіңізбен қосқан ерекше естеліктерді ұмытпаңыз. Егер күйеуіңіз сіз қалағанда жасамаса, сізге ұнау үшін жасаған жақсылықтарын еске алыңыз. Сіздің көңіліңізді аулағанын, сіз ауырғанда дәрі әкеп бергенін еске түсіріңіз. Сонда ол туралы жаман ойлауға болмайтынын түсінесіз», — деп жазды Дана.

stan.kz

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді