Дала кемелерін құрастыруда

12 маусым 2017, 11:45

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында өндірісті игеруде жаңа технологияларды қолданатын, өнімділікті тұрақты арттыратын, үздік әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істейтіндерге сенім артып отырғанын атап өткен еді.

Еліміздегі ірі аграрлы аймақ­тардың бірі саналатын Ақ­мо­ла облысында жыл сайын дән­ді-дақылдардан тұрақты өнім алуға қол жеткізіліп келеді. Об­лыс бойынша соңғы үш жылда жылына орташа есеппен 4,7 мил­лион тонна астық жиналып, әр гектардың шығымдылығы 11,6 центнерден айналды. Ал, дәл бүгінгі дерек бойынша, гек­тар түсімділігі 15 центнерден айналып отыр. Бұл жалпы өнім­нің 5,6 миллион тоннаға жете­тінін білдіреді. Мұның барлығы агрокешеннің озық үлг­і­дегі техникалық жарақта­нуына тікелей байланысты екен­­дігі белгілі. Осы орайда, Көк­шетаудағы комбайн құрастыру зауыты диқандар қолын ұзартқанын айта кету керек. Көкшетау қаласының индустрияландыру картасында «Вектор» комбайн зауыты 2011 жылы іске қосылған болатын. Сондан бері көп уақыт өтпесе де, өндіріс көлемі қарыштап ұлғая түсуде.

Кәсіпорын директоры Юрий Башуровтың айтуынша, алдымен, қаңырап бос тұрған ғимарат бәссауда арқылы сатып алынған. Көп ұзамай құрастыру цехы ашылды. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» және «Ростсельмаш» комбайн зауыты» акционерлік қоғамдары арасындағы мәміле негізінде құрылған Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны «Вектор-410 KZ» маркалы дала кемелерін құрастырып, кепілдендірілген сер­вистік қызмет көрсетумен айна­лысуда. Қажетті бөлшектер Ресей және Беларусь елдерінен жеткі­зіледі. Зауыттың қуаты жылына 300 комбайн құрастыруға жетеді. «Вектор-410 KZ» комбайнының Қазақстан нарығындағы үлес саны жыл санап артып келеді. Нақтылай айтсақ, республикамыздағы егін жинау техникасының 50 пайызға жуығы осы комбайндардың еншісінде. «Вектор-410 KZ» өңі­рі­міздің климаттық ерекше­ліктеріне бейімделген, жеңіл бас­қарылады әрі жергілікті жағдайда жөндеп те алуға болады. Ал, өнім­ділігі жағынан шетелдік ком­байндардан қалыспайды. Қазіргі күні зауыттың өнді­ріс­тік алаңдары жаңғыртылып, қуат­тандырылған. Осының нә­ти­же­сінде өндіріс көлемі де ұлғай­тылған. Ең бастысы, жа­ңа кеден режимі талаптарына сәй­кес, техниканы қосымша құн са­лы­ғынсыз босату арқылы ком­байнның бағасы арзандап, ауыл еңбеккерлері үшін айтарлықтай жеңілдіктер туып отыр. Мәселен, 2015 жылы зауытта барлығы 222 дана «Вектор-410 KZ» комбайны құрастырылды. Былтырғы жылы конвейерден 300-ден астам комбайн шығарылды. Айта кетерлік жағдай, алғашында комбайн бөлшектерінің 70 пайызы ше­телден тасымалданса, алдағы жылдары оның деңгейі 10 пайызға төмен­демек. Демек, өндірістік кезең­дегі қазақстандық үлес арта түспек.

– Бүгінгі күні мемлекеттік қолдаудың арқасында іске қосылып, өндіріс көлемін арттырып отырған кәсіпорындар үлес қосатыны сөзсіз. Бұған біздің кәсіпорын да өз үлесін қосады деп ойлаймын. Өйткені, қазіргі кезде осы бағытта ауқымды шаралар қолға алынып, нәтижесін беруде, – дейді зауыт директоры Юрий Башуров.

Сатуға келетін болсақ, жоспарлы көлемді «Ростсельмаш» компаниясымен он жыл бойы әріптестік байланыстағы «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.

Зауыт жұмысы мұнымен шектеліп қалмайды. Алдағы жоспарларымыз да ауқымды. Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қосымша орындарды салып, инфрақұрылымды дамыту көзделген. Оның ішінде биыл зауыт аумағында қазіргі заманғы сервистік қызмет көрсету орталығын, 2018 жылы №2 өндірістік цех пен қосымша қойма салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, өндірістік желіні кеңейту арқылы өнімнің отандық үлесін 40 пайызға жеткізу жоспарланған. Қазірдің өзінде көптеген қажетті қосалқы бөлшектерді отандық зауыттардан алынып отыр. 2015-2016 жылдары өндірісті әртараптандыру бағытында нақты шаралар қолға алынып, қазіргі заманғы «Агросоюз-Хорш» тұқым себу кешендері мен комбайндарын шығару жобасы жүзеге асырылуда. Осы мақсатта зауыт мамандары Ресейдің Ростов қаласындағы зауытта кезең-кезеңімен оқытылуда. Жобаның жүзеге асырылуы өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізетін болады.

Аграрлы облыс болғандықтан, өңірімізде комбайн зауытының болуы ол заңдылық. Егінді өз техникамызбен егіп, жинап алу біз үшін тиімді болатыны сөзсіз. Сондықтан, Елбасының Ұлт жоспарында айтылған міндеттерді орындауда «Вектор» комбайн зауыты да өз үлесін қосуда.

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?