jasqazaq.kz

«Chevron Direct Investment Fund Ltd.» жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салады

18 қыркүйек 2024, 14:09

«Chevron Direct Investment Fund Ltd.» жеке компаниясы (CDIF) Маңғыстау облысындағы қазақстандық жаңартылатын энергия көзін өндіруші компания «КТ Редкометальная компания» БК» ЖШС-мен 19 миллион АҚШ доллары сомасын құрайтын инвестициялық келісімшарт жасады.

Бұл инвестиция Маңғыстау облысындағы үш жел электр станцияларын (ЖЭС) біріктіруді көздейді. Олар — Форт-Шевченко, Сервиc және Жаңғыз жел электр станциялары. Келісімшарт аймақтағы жалпы қуаты 58,6 мегаватт электр энергиясын өндіретін жел электр станцияларының ең үлкен тобын құруға бағытталған.

«КТ Редкометальная компания» БК» ЖШС қазіргі уақытта Маңғыстау облысындағы жаңартылатын энергия көздерінің ең ірі өндірушісі болып табылатын Форт-Шевченко ЖЭС-нің тиімділігі мен электр энергиясын өндіру қуатын арттыру мақсатында оны толықтай жаңғыртудан өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар «КТ Редкометальная компания» БК» ЖШС-і жаңартылған өндірістік техникалық талаптарға сәйкес болу үшін негізгі өндірістік қызметкерлер санын арттыруды жоспарлап отыр.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев: «Қазақстан Республикасының көміртек шығарындыларын азайту бағытындағы міндеттемелерін орындауда демеу болатын, жаңартылатын энергия көзін өндіретін жел электр станцияларына инвестиция салатындығымыз туралы қуанышпен хабарлаймыз. Мұндай бастама экономиканы көтеруге, жұмыс орындарын ашуға, жергілікті бизнесті қолдауға және тұрақты дамуды ілгерілетуге септігін тигізеді», — деді.

CDIF жеке компаниясының мақсаты әр түрлі салалардағы, соның ішінде мұнай-газ саласындағы өңдеуші кәсіпорындар және жұмыстар мен қызмет көрсетулерді қоса алғанда, алайда олармен шектелмей, жергілікті жеткізу тізбегін дамыту, қоршаған ортаны қорғау және ақпараттық технологияларды дамыту салаларындағы кәсіпорындардың әлеуетін арттыруды көздей отыра, коммерциялық тұрғыдан тиімді кәсіпорындарға инвестиция салу арқылы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына оң үлес қосу болып табылады.

«КТ Редкометальная компания» БК» ЖШС сенімді бизнес жоспарын ұсына отырып, Қазақстан экономикасына елеулі экономикалық және әлеуметтік ықпал ету қабілетін көрсете білді. Сондай-ақ, компания CDIF-тің барлық іріктеу критерийлеріне сәйкес келді.

«Chevron Direct Investment Fund Ltd.» жеке компаниясының Басқарма төрағасs Дэймон Торнберг: «Қазақстан Республикасымен стратегиялық серіктестігіміз отыз жылдан астам уақыт көлемінде жалғасуда, осы бір маңызды меже біздің халыққа, серіктестікке және іскерлік көрсеткіштерімізге деген адалдығымызды көрсетеді. Біз елдің жасыл энергияға көшу және көміртегі шығарындыларын азайтуда маңызды рөл атқара алатынымызға сеніміміз зор. «КТ Редкометальная компания» БК» ЖШС-не инвестиция салу арқылы біз қолжетімді, сенімді әрі таза энергияны қамтамасыз етуге өз үлесімізді қосып, біздің өнімді пайдаланатын салалар мен клиенттерімізге көміртегі шығарындыларын азайту мақсатына жетуде қолдау көрсетеміз деп сенеміз», — деді.

Компания жергілікті өндірістерді дамыту мақсатында Қазақстанда тиімді инвестициялық мүмкіндіктерді іздеуді жалғастырады. Әлеуетті кәсіпорындарды іріктеу критерийлерінің тізбесін, инвестициялық процестің сипаттамасын, қаржыландыруға өтінім беру нысанын, және толығырақ ақпарат алу үшін CDIF-тің www.cdif.kz веб-парақшасына өтуге шақырады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
Бүгін, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
Бүгін, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында