Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының жартылай финалында бір-бірімен кездесетін командалар белгілі болды. Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тастау рәсіміне «Алтын доп» иегері Андрей Шевченко қатысты.
Жеребе нәтижесі бойынша 1/2 финалда «Бавария» (Германия) мен «Реал» (Испания), «Ливерпуль» (Англия) мен «Рома» кездеседі. Командалар арасындағы алғашқы ойындар 24-25 сәуірде өтсе, қарымта кездесулер 1-2 мамырға жоспарланған. Ал финал 26 мамыр күні Киевтегі «Олимпийский» стадионында өтеді.
Айта кетейік, ширек финалда «Ливерпуль» «Манчестер Ситиді», «Бавария» «Севильяны», «Реал» «Ювентусты», «Рома» «Барселонаны» жарыс жолынан шығарған болатын.