Алматы облысында Шығыс Қазақстан облысының жедел қызмет сарбазы әзірге анықталмаған жағдай бойынша қарудан бірнеше рет жарақат алған. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жағдай 13 наурызда сағат түнгі 00:40 минутта сақшылардың күзет жұмысының ауысу уақытында болған. Былтыр күзде ШҚО, Жарма ауданынан әскер қатарына шақырылған жедел қызмет әскери қызмет сарбазы қатардағы жауынгер Ертұрған өзімен бірге алып жүрген қарудан басынан жарақат алған.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қару ұстағанда сақтық шараларыны бұзылған деген нұсқа да қарастырылуда», — делінген баспасөз мәліметінде.
Қазіргі уақытта жігіт Қапшағай қаласында ауруханада жатыр.