Стамбулдағы «Аязага» метро бекетінде тоқтап тұрған эскалатор үстіне бір топ адам мінгенде, бірден іске қосылып кеткен. Онда оқыс оқиға орын алып, бір азамат баспалдақтың арасына қыстырылып қалды.
Мехмет Али Эрик эскалатор баспалдарқтарының арасында қалып қойып, механизмнің ішкі бөлігіне түсіп кеткен.
Оқиға куәгерлері құтқарушыларды жан ұшыра көмекке шақырып, бір сағат бойы оны шығармақ болған. Абырой болғанда, азамат ажалдан аман қалды. Көптеген дене жарақаттарын алып, ауруханаға түскен.