Белгісіз біреулер машинасының баллонын жарып кеткен 25 көлік иесінің тек оны ғана Қарағанды полициясына ресми хабар берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Құқықбұзушылық жасаған тұлға немесе тұлғаларды жауапқа тартуды сұрап 10 адам ресми өтінішпен келді. Материалдар Қылмыстық кодекстің 293-бабымен («Бұзақылық») тіркелді.
Яғни, қоғамдық тәртіп бұзылған. Қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасалған. Жедел тергеу тобы жасақталды, құқықбұзушыларды іздеп жатырмыз», — дейді Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров. Көлік иелерінің көпшілігі қолы тимейтінін айтып, өтініш жазбаған. Видеотіркеуіш орнатылған автомобильдердің жазбалары алынды. Бұған дейін Қарағандыда бұзақылар ондаған автомобильдің шинасын жарып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Автомобильдердің иелері Балқаштағы оқиғадан кейін қарағандылық бұзақылар да соны қайталағысы келгенін айтып жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Балқашта 50 шақты машинаның баллоны жарып кеткен еді, осы факті бойынша 24 және 23 жастағы жігіттер ұсталған болатын.