jasqazaq.kz

Құбыр қазып жатқандар адам сүйегін тауып алды

25 тамыз 2016, 15:50

741f48dc71b452234e481198036cf874

Петропавлда Береке шағын ауданында жылу құбырын тартып жатқан кезде адам сүйектері табылды. Экскаватор сүйектердің бір бөлігін сындырып тастаса, кейбірі топырақпен араласып кеткен.

Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің қызметкері Динара Сағандықова мәлім етті деп хабарлады BNews.kz.

Салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйге жылу құбырын тартып жатқан құрылысшылар адам сүйектерін тауып алған.

Жұмысшылардың айтуынша, адам қаңқасы бір метр тереңдікте жатқан. Өткен аптада да құрылысшылар адамның бас сүйегін тауып алған екен. Құрылыс бригадасы оиға орнына полицейлерді шақырды.

«Оқиға орнына Петропавл ішкі істер басқармасының жедел тергеу тобы аттанды. Табылған адам сүйектері сараптамаға жолданды», — деп түсіндірді Динара Сағандықова.

Қазір қаңқаның пайда болуына қатысты түрлі болжам айтылып жатыр. Құрылыс жүріп жатқан жерде ескі зират орналасқан болуы мүмкін деген болжам да қарастырылуда. Алайда Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхана жанындағы «Өлкетанушы» клубының мүшесі Лидия Мелехина бұл болжаммен келіспей отыр.

— Бұл мекенде зират болған жоқ. Қала Подгорья ауданы жақтан бой көтере бастағанда, бейіт тауда орналасқан. Себебі ауданды жиі су басатын. Зират саябаққа дейін жетіп, «Қарасай» стадионы маңында болды, — дейді Мелехина.

 

kaz.365info.kz

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики