jasqazaq.kz

Былтыр жөнделген мектептің шатырынан су ақты

06 мамыр 2018, 16:30

Ақмола облысының Шортанды ауданындағы Дамса орта мектебінің шатырынан су аққаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде, «Сəулет құрылыс тобы» ЖШС демеушілік көмек аясында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті есеп-қисабы мен жобалық-сметалық құжаттарын əзірлеуде. Жобалық-сметалық құжаттары дайын болған соң ақша бөлуге өтініш беріледі. «Оқушылардың қауіпсіздігі үшін мектептің екінші қабатында сабақ өткізуге тыйым салынды. Ал жалпы, мектеп бойынша сабақ кестеге сай штаттық режімде өткізілуде. Шатырдан аққан су оқуға ешқандай кедергі келтірген жоқ», — деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Айта кету керек, Дамса орта мектебі 1975 жылы салынған. 2012 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 44,9 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2017 жылы да жергілікті бюджеттен 4,5 миллион теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу бойынша «Құрбанбаев» ЖК білім ордасының шатырына құны 2,2 миллион теңгенің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізді. Нəтижесінде мектеп 2017-2018 оқу жылына толық дайын деп танылды. Алайда, қыстың қатты аязды күндері мектептің шатыры сыр беріп, наурыз айында еріген қар суы төбеден сорғалап ақты. Осыған байланысты мердігер компанияның басшылығына шағым хат жіберіліп, сотқа талап-арыз да жолданды. Шатырдан су аққан кезде мұғалімдер жағдайды өз күштерімен жоюға тырысты. Енді жөндеу жұмыстарын «Сəулет құрылыс тобы» ЖШС қолға алуды жоспарлап отыр.

Бүгін, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
Бүгін, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен