Қаншалықты рас әңгіме екенін анық білмейміз. Бірақ Instagram-дағы ztb_kz парақшасында бір медбикенің шындығы жазылыпты. Оны оқып алған жұртта қырылып жатыр.
Былай дейді:
Айлығым 40 000 теңге
Еңбек өтілім — 20 жыл
Күн сайын жұмысқа Ұзынағаштан келемін. Жолға күніне 1000 теңге жұмсаймын (500 теңге – жұмысқа дейін, 500 теңге – үйге дейін).
Бір айда жолға 24 000 теңге кетеді
Ай сайынғы міндетті партиялық взнос – 200 теңге
Сонда өмір сүруге айына 15 800 теңге қалады, немесе күніне 526 теңге.
Үйде екі бала бар.
Тұрғылықты жерің бойынша ауруханаға жұмысқа тұру үшін пара беру керек.
Жұмысқа кіргеннен кейін униформаны өз ақшаңа сатып аласың – 5 000 теңге.
Жоғары категориялы дәрігер айына — 90 000 теңге алады
Мединститут бітірген түлек жұмысының алғашқы жылдары – 40 000 теңге алады
Ауруханаларда өршіп тұрған «текучка». Ешкім ұзақ істемейді.
Больницада дәрі-дәрмек жетіспейді. Хронически жетіспейді.
Ең қарапайым антибиотиктерге дейін науқастар өз ақшасына сатып алады. Поликлиника ішіндегі аптеканы көрсеңіз ғой, дәрі сату бизнесі дамыған үстіне дамып жатыр.