Бурабай лагеріне барған балалар ауруханадан бір-ақ шықты

10 шiлде, 11:17

Демаламыз деп, ауруханадан бір-ақ шықты. Павлодардан Бурабай лагеріне барған бір топ бала суық тигізіп, ауруханаға жатқызылды.Ең сорақысы, балаларға қызмет көрсететін мекемеде сырқаттанған жеткіншектерге ешқандай медициналық көмек көрсетілмеген. Бұл туралы KTK телеарнасы хабарлады.

Тексеру кезінде 300-ге жуық баланы қабылдаған лагерьде бірде-бір медбике жұмыс істемейтіні анықталды.

«Бурабайдағы атышулы «Эдельвейс» лагеріне жазғы демалысын өткізуге Павлодар облысынан бас-аяғы 75 бала барған. Дені — балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері. 6 шілдеге қараған түні бір топ бала мекеме қызметкерлеріне денсаулығына шағым айтқан. Алайда сырқаттанған балаларға сол күйі ешқандай көмек көрсетілмеді. Жағдайы нашарлаған балалар ақыры медициналық көмекті өздері шақыруға мәжбүр болған.

 

Бурабай төрінде орналасқан демалыс орнында қазіргі сәтте 200-ден астам бала демалуда. Алайда демаламыз деп келген жеткіншектердің 20-ға  жуығы жазғы демалысын ауруханада өткізуге мәжбүр. Мекемедегі келеңсіз жайт туралы Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлжайна Даримова өзінің инстаграм парақшасында жария еткен болатын. Лагерьде медициналық көмек ала алмаған балалар тікелей өзіме хабарласып, жедел жәрдем шақырып беруімді сұрады, дейді депутат.

 

Гүлжайна Даримова, Павлодар мәслихатының депутаты: — Мен балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерімен үнемі хабардамын. Лагерьге балалармен бірге орталық қызметкері де барды. Сол түні олар маған  медбикенің жоқ екенін және ешқандай медициналық көмек ала алмай отырғандарын жазды. Таңертең дереу Бурабайға жолға шықтым. Лагерді түгел тексердік. «Неге медбикелеріңіз жоқ?» деген сұрағыма лагерьде жұмыс істеп жүрген қатардағы қызметкерді әкеліп, «медбикеміз осы» деп қысқа қайырды. Ал сырқаттанған балалардың жағдайы әлі де мәз емес. Арасында  пневмония жұқтырды деген күдігі бар балалар да бар.

Лагерьдегі заңбұзушылық бұл ғана емес. Мекемеде бұдан бөлек тиісті балалар журналы да жүргізілмеген. Диеталық медбикенің жоқтығы тағы бар. Ал медпунктке адам аяқ баспағалы біраз болған көрінеді. Бұған мұндағы тазалық кестесі дәлел. Құжатқа сенсек, медпункт осыдан бір жыл бұрын, яғни 16 маусым күні жуылған. Осыдан кейін атышулы лагерьдің жағдайымен Ақмола облысы әкімінің орынбасары, өңірлік денсаулық сақтау және білім басқармаларының басшылары да танысып қайтты. Ал балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева аталған жайт назарға алынғанын жеткізді.

Динара Зәкиева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл: — Бұл жағдайды назарға алдық. Ауруханаға Павлодар облысының балаларды қолдау орталығынан және Ақмола облысына келген балалар жатқызылды. Олар тамақ ауруы, бронхит, ЖРВИ жұқтырған. Балалар денсаулықтарына төрт күн бұрын шағымдана бастаған. Лагерь балалардың болу жағдайлары бойынша алдын ала тексеруден өтті. Алдағы уақытта қайта тексеру ұйымдастырылады.

Павлодар облыстық білім беру басқармасы аталған мәселеге қатысты қандай да бір пікір айтудан бас тартты. Сондықтан аймақтық балаларды қолдау орталығының алдағы тағдыры белгісіз. Ал қауіпсіздік талаптарын бұза отыра, келеңсіз жағдайға жол берген лагерь әлі де жұмыс істеп тұр.

JQ-Aqparat

 

 

16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген
15 қазан, 14:20
Армения - уақыт сынынан өткен жақын серіктес
30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза
30 қыркүйек, 13:20
Түркістан: Полиция жастар мен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
30 қыркүйек, 12:55
Назерке Тәнекеева: Қолдау бар. Тек тәуекел етіп, кәсіп бастау керек