jasqazaq.kz

Борышкер баспанасынан қуылмайды

02 ақпан 2018, 23:07

Ипотекалық қарызын төлей алмағандарды енді ешкім үйінен қуып шықпайды. Президент тапсырмасынан кейін Ұлттық банк қайта қаржыландыру бағдарламасын жаңадан қарап жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұл қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық қарыз иелеріне қатысты. Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге қарызын төлей алмай қалғандарды үйінен қуып шықпай, басқа жолдарын қарастыруды ұсынып отыр. Басқа қандай жолдарын табуға болатынын қазіргі уақытта қаржы ұйымдарымен бірігіп қарастыруда. Қаңтардың басында ғана Елбасы Ұлттық банкке ипотекалық қарызын өтей алмай жүргендердің мәселесін шешу жөнінде тапсырма берген болатын. Президент тапсырмасы бойынша, тек 2016 жылға дейін берілген ипотекалар мәселесі қарастырылмақ.

Мениса Хуснутдинова, ҚР ҰБ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бөлімінің бастығы:

-Осы кезден бастап банктер ипотекалық қарызы барларды үйлерінен шығаруды тоқтатты. Осы күнге дейін 23 мың қарыз иесі қайта қаржыландырылып, баспаналарын сақтап қалған еді. Алдағы уақытта бағдарлама бойынша тағы 25 мың ипотеканы қайта қаржыландыру жоспарланып отыр.

09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады