jasqazaq.kz

Бөлінген ақшаны «бөрі» жеді

09 ақпан 2018, 12:29

Осы жылдың қаңтар айында ғалымдардың Бас прокурорға және мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасына жолдаған ашық хаты жарияланды. Онда 2018-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу барысында олқылықтар орын алғаны айтылған.

Ұлттық ғылыми кеңес сарапшыларының шешімі бойынша бюджеттен үш жыл бойы қомақты қаражат төленеді. Байқау бірнеше сатыдан тұрады. Оның біріншісі – тәуелсіз халықаралық және отандық сарапшылардың мамандандырылған сараптамасы. Ал екінші кезеңде жоба жеңімпаздарын ұлттық ғылыми кеңестің мүшелері таңдайды.
Биыл «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» бағыты бойынша байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы ғалымдарды есінен тандыра жаздады. Ғылыми кеңес сарапшылары бірінші кезеңнің нәтижесін мүлдем ескермеген болып шықты. Небәрі 16-19 ұпай жинаған қатысушылардың жобасы мақұлданып, ал 30 ұпайдан жоғары және 10, 15-орынға ие болғандардың жұмысы ысырылып тасталған. Мысалы, кеңес жетекшісінің бірі өтініш берген 582 адамның ішінде 450-орында тұр. Сөйтіп, 20 баллмен қомақты қаржыландыруға ие болыпты.
Бұдан басқа, бұқаралық ақпарат құралдары осы жағдай бойынша ғылыми кеңес төрағаларының пікірін жариялады. Олардың айтуынша, ұпай қаражат бөлудің құрамдас бір бөлігі ғана болып табылады. Бірақ толық шешім шығаруға негіз емес. Оның үстіне бірінші кезеңді сараптамадан өткізу де арзанға түспейді (1 сараптама – 250 доллар. 4500 өтінімді қарау үшін мемлекет миллиардтаған теңге жұмсаған – авт).
Нәтижесінде, шетелдік сарапшылардан жоғары баға алған 50-ге жуық ғылыми жоба мемлекет қаржысына қол жеткізе алмай қалды. Тіпті сол бағы жанбай қалған жобалардың қатарында мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыруға бағытталған ғылыми еңбектер де бар.
Ауыл шаруашылығы ғалымдарының пікірінше, бұл жағдайдың орын алуына кеңестің дұрыс құрылмауы себеп. Оның құрамында әр ұйымнан бір қызметкерден артық мүше болмауы тиіс. Бірақ ауыл шаруашылығы-өнеркәсіптік кешендер кеңесіндегі 17 адамның үшеуі бір университеттің, ал екеуі бір ғылыми-зерттеу институтының мамандары болып шықты. Сонымен қатар кеңесте ірі білім мен ғылым ошақтарының өкілдері жоқ. Сондай-ақ, біздің ойымызша, байқауға қатысып жатқан жоба жетекшілері мен оған қатысы бар өзге тұлғалар кеңеске мүше болмауы тиіс. Оған жол берілсе, кеңес құрамына кірген мамандар өзімен мүдделес, таныс-біліс ғалымдардың жобасын қаржыландыруға тырысуы ықтимал. Бар-жоғы үш-ақ күннің ішінде 580-нен астам жобаны қарап шыққандары да күдік тудырды. Ал басқа бағыт бойынша жобаны бағалау екі аптаға созылыпты.
Осы арада еске сала кетейік, 2015 жылдың 7 қазанында «Ақ жол» фракциясы 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми-зерттеулерді қаржыландыру бойынша заңбұзушылықты тексеру туралы мәселе қозғады. Есеп комитеті заңсыздықтың орын алғанын растады.
Осылайша, ғылыми жобаларға қыруар қаржы бөлінгені, 10 миллиардтан астам теңгенің ұшты-күйлі жоғалғаны анықталды.
Жалпы 41 жобаның жетекшілері ғылыми кеңестің мүшесі болып шықты. Соған қарамастан, ғылыми-зерттеулерді гранттық қаржыландыру жүйесінде ештеңе өзгерген жоқ деп айтуға мәжбүрміз. Егер өз мақсатына қол жеткізе алмаса, мемлекет оған неге қомақты қаржы бөледі?
Бұл ғалымдарымыздың ел экономикасының дамуына үлес қоспайды, жаны ашымайды дегенді білдіре ме? Бұл біздегі ғылыми мамандардың әділеттілікке деген сенімін жоғалтуға, аграрлық ғылымның даму идеясын ақсатпай ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Меруерт Қазыбекова, Мәжіліс депутаты
(депутаттық сауалынан)

Бүгін, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
Бүгін, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
Бүгін, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
Бүгін, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
Бүгін, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
Бүгін, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
Бүгін, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
Бүгін, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады