jasqazaq.kz

Болат Бопай: Қарызға той жасау қазақтың салты емес

22 қараша 2024, 11:38

Елімізде тойдағы ысырапшылдық тыйылмай тұр. Желіде тарайтын видеоларда салтанатты жиынға мыңға жуық қонақ шақырылғаны, оны ұйымдастыруға қанша қаражат кеткені айтылады. Тіпті тойбастарға, алтын-күміс, бағалы бұйымдар тарататындар көбейді. Этнограф Болат Бопайұлы елімізде тойдағы ысырапты заңмен шектеу — таптырмас шешім екенін алға тартты, деп жазды massaget.kz.

Дегенмен ол заңның тиімділігі мәдениет пен тәрбиені де қатар қамтуы тиіс деп санайды. Өйткені тек заңға сүйенетін болсақ, халық басқа да жолын табуы мүмкін.
Сонымен қатар ол қазақтың неліктен ысырапшылдыққа құмар екенін түсіндірді.

«Ысырапшылдыққа деген құмарлықтың себебінің бірі — бәсекелестік. Қазіргі қоғамда той тек отбасылық мереке емес, мақтанудың, әлеуметтік статус көрсетудің құралына айналды», — деді ол. Ол ежелде қазақ халқының тойларында береке, қонақжайлылық басты рөл атқарғанымен, үлкен ысырапшылдық болмағанын айтты. Қазақтың тойы қазіргідей кең көлемде өтпеген, барлық іс-шара қарапайым, бірақ салтанатты болған. Ал бұрынғы қазақтарда қарызға батып той жасау, мүлде болмаған.

«Қарызға той жасау — қазақтың ертеден келе жатқан салты емес. Көп жағдайда туысқандар мен ауылдастары көмек көрсетіп, ортақ мерекеге жұмылдырылған. Қарызға белшеден бату қазіргі заманның құбылысы», — деді ол.

«Қазақтың тойы бітпесін» деген сөздің астары қандай?

«Бұл сөздің мағынасы тереңде жатыр. Қазақтың тойы — берекенің, бірліктің, ұрпақ жалғастығының символы. Яғни той тоқтамауы керек, себебі той — өмірдің жалғасы, ұлттың өміршеңдігінің белгісі», — деп түсіндірді ол.

Болат Бопайұлы заманауи тойды ықшамдаудың жолын ұсынды.
«Заманауи тойды ықшамдау үшін: Екі жақ бірігіп, бір ғана той ұйымдастырған дұрыс. Құдалық, есік ашу секілді дастарқанға қатысты шығындарды азайтуға болады.
Тойдың орнына жастарға үй алып беру дұрыс шешім болар еді. Бұл тек материалдық көмек емес, отбасылық өмірді нығайтуға мүмкіндік береді. Дегенмен ұлттық құндылықтарды сақтап қалу үшін тойды толықтай тастау емес, оның мағынасын қайта қарастыру маңызды», — деп қорытындылады ол.

JQ-Aqparat

30 желтоқсан, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды