jasqazaq.kz

Бокс Олимпиада бағдарламасынан шығарылуы мүмкін

05 ақпан 2018, 12:17

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах халықаралық бокс қауымдастығының (АИБА) Риодағы ойындарда әділ төрешілігіне көпшіліктің күмәнін тудырғаны және қаржылық дау-дамайға байланысты 2020 жылғы Олимпиада бағдарламасынан бокстың шығарылуы мүмкін екендігін айтты. Бұл туралы РИА-Новости-ға сілтемеге жасаған NUR.KZ хабарлайды.

РИА-Новости агенттігінің мәліметінше, АИБА ХОК тарапынан қаржыландырудан айырылған. Президент Бахтің сөзінше, жасөспірімдер арасындағы және Токиода өтетін олимпиада ойындарына квота алғанынна қарамастан, комитет боксқа қатысты шешімді өзгертуі мүмкін.

Өткен жылдың күзінде федерация президенті Чинг-Куо Ву қаржы мәселесіне байланысты қызметiнен алынған болатын.

Сондай-ақ, «Спорт-Экспресс» ақпаратына сәйкес, АИБА-ға қатысты шешім Риодағы Василий Левит (Қазақстан) пен Евгений Тищенко (Ресей) арасындағы және Владимир Никитин (Ресей) мен Майкл Канлон (Ирландия) арасында өткен көпшіліктің наразылығын тудырған бокс нәтижесіне байланысты болуы мүмкін.

Сонымен қатар, Бах халықаралық Олимпиада комитеті АИБА-ның федерациядағы допингке қарсы күрес туралы шешімін ескермейтінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Рио Олимпиадасында Василий Левиттің айқын басымдығына қарамастан финалда жеңісті Евгений Тищенкоға берген болатын. Нәтижесінде қазақстандық боксер еліне күміс медальмен оралды.

Бүгін, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады