jasqazaq.kz

Бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісі айыбын өтеді

29 мамыр 2018, 15:54

Алматыда Әуезов аудандық сотында бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісіне қатысты сот процесі жалғасып жатыр.

Қорғаушы автобус жүргізушісінің кінәсін толық мойындағанын айтты. «Жүргізуші кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда біз жапа шеккен тараппен келісіп, барлық шығынды өтедік. Енді сотталушыны бас бостандығынан айырмауды өтінеміз», — деді қорғаушы Әлім Мұстапаев. Сот процесіне қатысқан қыздың туыстары марқұмның балаларды бейімдеу орталығында психолог болып жұмыс жасағанын айтты. «Ол жұмысына 10 минутта баратын. Яғни, ол бағдаршамның қызыл түсіне өтуі мүмкін емес», — деді марқұмның туыстары. Айта кету керек, жол апаты Сайран вокзалының маңында болған еді. 24 жастағы бойжеткенді №126 автобус жүргізушісі тура қиылыста қағып кеткен еді.

ҚазАқпарат

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен