jasqazaq.kz

Бойжеткен ақша үшін төртінші әйел атануға дайын

12 қантар 2018, 10:42

Астананың 23 жастағы тұрғыны қалай төрт рет тұрмысқа шыққанын айтып берді. Бойжеткен бүгінде ақша үшін төртінші әйел атануға қарсы еместігін алға тартуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Майраның (есімі өзгертілген) келбеті әдемі, дегенмен ару сұлулығын көптің көзіне көрсетпей, хиджаб киіп жүреді.

Бойжеткен түрлі жігіттермен танысып, әр үш ай сайын күйеу ауыстырғанын жасырмайды. Бір жағдайда, тіпті 10 күн ғана тұрмыста болыпты.

Майра алғаш рет 21 жасында мешітте некесін қидырады. Келесі некелерін де тек мешітте тіркеген ару төртінші ретінде 50 жастағы азаматтың екінші әйелі атанған. Олардың махаббаты тек бір айға созылыпты. Бұған дейінгі күйеулері де отбасылы азаматтар болған екен.

«Некемнің ұзақ болуын мен де қалаймын, алайда мұны мен шешпеймін. Ақшадан қысылмайтын өмір үшін төртінші әйел атануға да дайынмын. Бұл әрекетімді күнә деп санамаймын, себебі некем мешітте Жаратушының алдында тіркеледі», — дейді бойжеткен.
Майра кей кездері тегін тамақ ішу үшін өзіне көңілдес тауып отырғанын да жасырмады. Себебі ішерге асы болмаған күндері бар екен.

«Бұл күнә емес. Бақытты болуға құқым жоқ па? Мұсылманға тұрмысқа шығып, отбасын құрып, ақша жетпейтінін ойламай өмір сүргім келеді», — дейді Майра.

Майра өзінің жетім екенін алға тартып, Қазақстанда осылай өмір сүруіне ер азаматтар мәжбүр етіп отырғанын айтуда.

15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
14 шiлде, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
14 шiлде, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
14 шiлде, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
14 шiлде, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
14 шiлде, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі