Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық орталық ауруханасының медбикесі Елена Шушлебина ерлігі үшін «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары қатарына енді, деп хабарлайды Қазақпарат.
Медбике оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.
“19 шілде күні Орал-Тасқала жолының бойында толғағы келген әйелдің босанғалы жатқаны туралы хабар келді. Ол уақытта акушер дәрігер демалыста болатын. Мен бұрын әйелдер босанатын бөлімшеде жұмыс істегендіктен дәрігер ретінде сол жаққа баруым керек болды. Сәби босану жолдарына теріс келіп тұр екен.
Бар білгенімді салып, оны босандыруға тырыстым. Әйелді жол бойына көлік ішінде босандырдым. Әйелдің өзі де көмектесті. Аман-есен босандырып алдым. Бұл 35 жастағы келіншектің 5 баласы екен. Қазір ол келіншекпен жақын араласып кеттім. Хат жазысып тұрамыз. Қызы 1 жасқа толғанда маған алып келмекші. Мен де қонаққа барам деген ойдамын. Алдағы уақытта медициналық білім алсам деймін. Бұл ісімді ерлік де санамаймын. Менің оныма болған барлық адам осылай жасайтын еді”, – дейді Елена Шушлебина.