jasqazaq.kz

БҚО-да жеті автокөлік өртенді

08 ақпан 2018, 18:01

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері жеті автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мирас Әлекешевтің айтуынша, бұл өткен жылдың осы кезеңімен (10 автокөлік) салыстырғанда, 42,8 пайызға төмендеген. Жалпы, өткен жылы автокөліктерде 117 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл — жалпы өрт санының (663) 18 пайызы. Демек, аз емес. «Өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып табылады. Сондықтан автокөліктердегі өрттің алдын алу мақсатында өңірде «Қауіпсіз көлік» шарасы қолға алынды. Департамент қызметкерлері БҚО ІІД жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, автовокзал, автотұрақ, базар, ірі ойын-сауық кешендері мен мекемелер аумағында рейдтер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жадынамалар мен ақпараттар облыс тұрғындарына әлеуметтік желілер арқылы («WhatsApp», «Facebook», «ВКонтакте», «Инстаграм») да таратылды», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне М.Әлекешев.

Бүгін, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
Бүгін, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
Бүгін, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
Бүгін, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
Бүгін, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
Бүгін, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
Бүгін, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
Бүгін, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады