jasqazaq.kz

БҚО-да миллион гектар жер мемлекетке қайта өтті

05 мамыр 2018, 12:48

Батыс Қазақстан облысында соңғы екі жылда егіс көлемі 70 мың гектарға артып, биыл 513 мың гектарды қамтиды. Мал шаруашылығы да дамып келеді. Ауыл шаруашылығының алға басуы осы салаға көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаумен қатар бос жатқан жерлерді тиімді пайдаланудың нәтижесінде мүмкін болып отыр.

Тек бір жылда бір миллион гектардай ауылшаруашылық жері мемлекет меншігіне қайтарылып, соның жартысына жуығы конкурс арқылы айналымға енгізілген. Зеленов ауданының тұрғыны Еркін Насыровтың ауыл шаруашылығымен айналысқанына 12 жыл болыпты. Бастапқыда 30 гектар ғана жері болса, бүгінде ондаған жылыжай салып, ауылдастарын арзан көкөніспен қамтып отыр. Ақты қой, алалы жылқы өсіруге де ден қойған. Ал былтыр мың жарым гектар жерге қолы жетті. Еркін Насыров, кәсіпкер: — Мына жерде арамшөп болды, ешқандай егін болған жоқ. Арыз жазып, әкімдікте екі жыл жатқан болар. Инспекция жұмыс істемейтін адамнан тартып алады. Өте дұрыс. Жер жұмыс істеуі керек, босқа жатыр. Арамшөптен ешқандай пайда жоқ. Кәсіпкер алған алқаптарына егін егуді бастап та кетті. 400 гектарға арпа, қалғанына бидай себілмек. Қурай өсіп, қаңбақтары жарысып жүрген жерді өткен күзде тазалап, жыртып, тырмалап қойыпты. Сәдуақас Құрмашев, механизатор: — Бір жұма болды осында істеп жатқанымызға. Тырманы бітіріп, осы тұқым себу басталып кетті. Жердегі ылғал жақсы. Болашақта егін жақсы болады деп сеніп тұрмыз. Зеленов ауданында былтыр пайдаланылмай бос жатқан 22 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, соның барлығы да қолынан іс келетін шаруа қожалықтарына берілген. Ал 800 гектарды соттасып алуға тура келген. «Егіс алқаптарынан гөрі, жайылым-шабындықтардың бос жатқанын дәлелдеу қиын», – дейді мамандар. Қайрат Төлегенов, Зеленов аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы: — Әлі де қиындықтар бар. Себебі қазіргі уақытта жерді тексеруге бір жыл уақыт береді де, адамдар сотқа дейін жерді техника жіберіп бастайды. Әрі қарай сот арқылы жасалған жағдайда, жұмыс жасап жатырмыз деп айтып, сосын тоқтап қалады. Содан кейін ол кісіге 2-3 жылдан кейін барып тексеріс ашылады. Жерді мүлде игермеумен қатар мақсатсыз пайдалану дерегі де өңірде жиі кездесіп жүр. Өткен жылы осындай 201 заң бұзушылық тіркелген. Тахир Нұрахметов, Жерді пайдалану және қорғау басқармасының бөлім бастығы: — Бұның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімі бойынша тексеріс, мемлекеттік жер учаскесін заңсыз иеленген факт бойынша тексерістер бар. Сол бойынша басқарма 22 млн 737 мың айыппұл салып, күні бүгін 19 млн теңге өндірілді. Күні бүгін Орал өңірінде 1 млн 400 мың гектарға жуық ауылшаруашылық алқаптарының пайдаланылмай жатқаны анықталса, соның 950 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылған. Бос жерлерді айналымға енгізу конкурс арқылы жүзеге асуда.

24.kz

Бүгін, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
Бүгін, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен