jasqazaq.kz

БҚО-да киік аулаған шекара қызметінің капитаны ұсталды

15 мамыр 2018, 14:39

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында киік аулаған шекара қызметінің капитаны ұстады. Бұл жайында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«2018 жылдың 14 мамырында сағат шамамен 17:00-дер кезінде «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК батыс аймақтық филиалының инспекторлары рейд жүргізу кезінде БҚО Жәнібек ауданы Қамысты ауылынан 15 шақырым жерде (РФ шекарасына жақын) мемлекеттік нөмірсіз және құжатсыз жүрген «ЧС-МОТО» квадрациклін мінген адамды ұстаған. Тексеру кезінде шекара қызметінің капитан шеніндегі шекаралық учаске қызметшісі, квадроцикл жүргізушісі Е.М-дан киіктің 12 дана мүйізі, қарудың чехолы, балта, қарумен атылған еркек киіктің мүйізімен бірге денесі табылды», — делінген хабарламада. Оқиға орнына Жәнібек ауданының ІІБ қызметкерлері шақырылған. Аталған факт ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша тіркелді. «Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен бірге киікті заңсыз аулау фактісіне қатысты заттай дәлелдерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлайды Сәкен Ділдахмет.

ҚазАқпарат

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен