jasqazaq.kz

«Бітпейтін сын мен хейт». Аида Балаева «сөз бостандығы жоқ» дейтіндерге жауап берді

20 желтоқсан 2024, 12:04

 

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Казахстанская правла» газетіне сұхбат берді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Сұхбатта министр ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Газет тілшісі мемлекеттік органдарда тіркелу туралы ережеге көңілі толмайтындар бар екенін, олардың сотта жеңілгеніне тоқталып, осы мәселеге қатысты министрдің пікірін сұрады.
Аида Балаева: «Заң нормаларымен келіспесе, сотқа жүгіну — бүкіл әлемде қолданылатын өркениетті тәсіл. Дегенмен әлгі норманы әзірлеп, бекіту кезінде барлық заңнамалық рәсімдер сақталғанын айту керек. Бұл ереже Конституцияда кепілдік берілген сөз бостандығына қайшы келмейді. Ол журналистердің мемлекеттік органдар мен ұйымдарда тіркелу тәртібін реттейді. Басқа ештеңе емес. Әрі бұл — бүкіл әлемдегі БАҚ өкілдеріне қойылатын талап.
Қазақстанда алты мыңға жуық бұқаралық ақпарат құралдары тіркеліп, жұмыс істейді. Ал сотқа біздің ведомствоны ғана емес, басқа да мемлекеттік органдарды жүйелі түрде сынайтын 12 журналист шағым түсірді. Олар «сөз бостандығы жоқ» деп мемлекетке айып тақты. Бірақ олардың бітпейтін сыны, шенуніктерге ашық хейт жасауы, тіпті мына шағым да біздің елімізде сөз бостандығы бар екенін дәлелдейді емес пе?», — деп жауап берді.
JQ-Aqparat

Сурет: «Казахстанская правда»

Бүгін, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
Бүгін, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
Бүгін, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған