jasqazaq.kz

Біртанов менингококк жайлы: Бұл індет емес

01 маусым 2018, 15:58

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі менингококк инфекциясына қатысты пікір білдірді. «Барлық өңірді бақылап отырмыз. Таңғы уақыттан бері еліміз бойынша 55 дерек тіркелді.

Менингококк инфекциясы ең көп тіркелген өңір Алматы, онда 31 жағдай тіркелді. Ақмола облысында — 2, Ақтөбеде — 3, Алматы облысында — 3, ШҚО-да — 4, Жамбыл облысында — 1, Қарағандыда — 1, Павлодарда — 2, ОҚО-да — 4, Астанада — 4. Бірақ бұл індет емес,» — деп жауап берді министр журналистерге. Сондай-ақ, министр ауа райына байланысты мұндай жағдайлардың әлі де тіркелетінін жоққа шығармады. «Дүйсенбіде Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен және біздің комитеттегідермен бірге осы жағдайлардың алдын алуға бағытталған жоспарларды бекіттім. (…), — деді Біртанов. Сондықтан министр ата-аналарға балаларымен бірге көп адам жүретін жерлерге бара бермеуге кеңес берді. «Мешіттегілер бөлмені желдетіп тұруларын сұрады. Сондай-ақ, Мұсылмандар діни басқармасының өкілдеріне студенттерге ораза ұстауды тоқтатуларын сұрауды өтіндік. Себебі ораза кезінде организм жұмысы өзгереді, иммунитет де өзгереді», — деді ведомство басшысы. Мұнымен қоса, Біртанов ораза кезінде саяхаттамауға кеңес берді.

Tengrinews.kz

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді