jasqazaq.kz

Бір сыныпта оқыған: Әли Серікті өлтірді деген күдікті өзінің бірге өскен досы болып шықты (Видео)

26 желтоқсан 2024, 12:30

Кеше Алматыда тай боксынан әлем чемпионы Әли Серік  пышақ жарақатынан қайтыс болғаны жайлы айтылды. Ұсталған күдікті 20 жастағы марқұмның бірге оқыған сыныптасы болып шықты. Әлемдік талай додада көк туымызды  желбіреткен  жігіттің жақындары күдіктінің қатаң жазаға тартылуын талап етіп отыр, — деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға күні кеше Шұғыла шағын ауданында болды. 20 жастағы спортшыны 11 жыл бірге оқыған сыныптасы осы төңіректе пышақтап тастаған. Кеуде тұсынан жарақат алған Әли Серіктің демі дәл осы жерде үзілді. Кешқұрым болған қылмысты көрген көз көп. Спортшының кеудесіне пышақ салған онымен тай құлындай тебісіп өскен досы болып шықты.

Әлидің анасы Ақмарал Табысбекқызы: «Жүрек тұсынан ұрған. Төрт рет. Мойнынан ұрған. Қолында екі пышақ болған ғой. Екеуімен ұрған ғой, қос қолдап. Екеуі негізі бір мектепте, бір сыныпта оқыған. Осы үйде ауызашарда, ораза кезінде ауыз ашып, көмектесіп жүрген бала болатын. Әлимен бірге қар күреп жүретін», — деді.

Жастайынан спортқа жақын болған Әли Серік өзінің қысқа ғана ғұмырында талай жүлдені қанжығасына байлап үлгеріпті. Әлем додаларында көк туымызды бірнеше мәрте желбіреткен. Небәрі 17 жасында муай-тайдан әлем чемпионы атағын иеленіп, «халықаралық спорт шебері» атанған.

Болашағынан үміт күттіретін спортышының өмірін қиған күдікті бірден құрықталды. Қазір қамауда.

Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Осы адам өлтіру дерегінің себебін «арамызда туындаған кикілжің, жанжалдың салдарынан пышақ жарақатын келтірдім» деп түсіндірме беруде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабының нормалары бойынша бұл азамат қамауға алынды. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталуда», — деді.

Әлидің жақындары тергеудің әділ жүріп, күдіктінің қатаң жазаға тартылуын талап етеді.

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет