jasqazaq.kz

Бір отбасыны түгел қырып тастаған Қарағанды облысының тұрғыны сотталды

25 мамыр 2022, 14:44

Қарағандыда бір отбасының үш адамын өлтірген азаматтың ісі қаралды. Сот Шет ауданы Ақадыр кентінің тұрғынын кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот ісі Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Қылмыстық іс материалына сәйкес, айыпталушы ұрлық жасағанын жасыру мақсатында отбасының үш мүшесін өлтірген. Тергеу өткен жылдың 11 тамызында сотталушының әріптесінің гаражынан үрленетін резеңке қайықты ұрлап кеткенін анықтады. Бір күннен кейін әріптесінің әйелі бұл жайтқа оның қатысы барына күдіктеніп, полицияға хабарлаймын деп қорқытқан.

Сотталушы ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қорқып, пышақ алып, әріптесінің үйіне келген. Ол бірінші әріптесінің әйелін кездестіріп, оған пышақ сұққан. Сосын қылмыскер олардың қызын да өлтірген. Содан кейін қаскүнем жатын бөлмеге бет алып, онда отағасы ұйықтап жатқанын байқаған. Оның дәрменсіздігін пайдаланып, оны да өлтірген. Барлық фактілерді ескере отырып, прокурор сотталушыны айыптаудың барлық баптары бойынша кінәлі деп тануды және оны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот сотталушыны кінәлі деп тапты.

«Сот үкімімен Л. айыптаудың барлық баптары бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына сотталды. Жазаның алғашқы 5 жылын қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемесінде өтейді. Іс бойынша жеңілдететін және ауырлататын мән-жай жоқ. Сот жаза тағайындау кезінде жасалған қылмыстың ауырлығы мен мән-жайы, үш адамның өлімін, жәбірленуші тараптың ұстанымын және сотталған адамның іс-әрекетке қатынасы, яғни өкінбегенін ескерді», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, сот жәбірленуші тараптың сотталғаннан 15 000 000 теңге көлемінде моральдық зиянды толық көлемде өндіріп алу туралы азаматтық талап арызын қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура
17 маусым, 13:58
В Туркестане обсудили реализацию новых инфраструктурных и туристических проектов
17 маусым, 13:55
Туркестан делает ставку на цветочную индустрию: интерес китайских инвесторов может изменить экономику региона
16 маусым, 15:46
Футбол: Азия мен Африканың аты озып тұр
16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации