jasqazaq.kz

Бір ауылдың тұрғындары мұз ертіп ішіп отыр (видео)

06 ақпан 2018, 11:18

Алматы облысында ауызсудың азабын тартқан ауыл тұрғындары мұз ерітіп ішіп отыр. Судан тарыққан Қарақұм халқы қыста мұз арқалап, жаздың аптап ыстығында 60 шақырым жерден таза суды тасып ішуге мәжбүр. Былтыр елді мекенге су құбыры тартылғанымен, іс бітпей, орта жолда аясыз қалды, деп хабарлайды kaztrk.kz.

Қарағанды облысы аумағындағы 60 гектар жер Алматы облысының Қаратал ауданына тиесілі. 100-ге жуық түтін, 500-ден астам халық бар.

Қуаныш Қанатұлы, тілші: — Қарақұм ауылы ауыл болып құрылғалы ауызсудың зардабын шегіп келеді. Егер жазда су тасымалды болса, қыста Балқаш көліне қатқан суды ерітіп ішеді. Содан бері 60 жыл өтіпті.
Жолжақсы Кәкенов, ауыл тұрғыны: — Тазасын аламыз да астыңғы жағын, жылтырларын үйге апарып, ерітіп ішеміз. Дәмі таза.
Ауылға орталықтандырылған су жүйесі тартылуда. Бірақ, бір жылда аяқталуы тиіс жұмыстар екінші жылға созылды. Себебі, жобалау барысында жол қашықтығы есептелмеген. Ал, мердігер бұл жерге құрылыс материалдарын көлді айналып 3 облыс арқылы тасып шығындалған. Қазіргі таңда түзетулер енгізіліп, жетпей қалған қаржы қарастырылуда.

Азамат Бейісбаев, облыстық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: — 2017 жылы 78 млн бөлініп толығымен игерілді. Қалған игерілмеген 25 млн теңгеге алдағы облыстық сессиясына ұсыныс енгізілді. Қолдау тапқан жағдайда жұмыстар толығымен аяқталатын болады.
Ауызсу мәселесі шешілсе, Қарақұм ауылының жаңа дәуірі басталмақ. Тұрғындар да бұл күнді асыға күтуде. Себебі, тіршілік нәрінің бейнетінен әбден шаршаған.

08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады