Биологиялық қауіп-қатерден сақтасын!

01 сәуiр 2022, 12:01

Елімізде алғаш рет әзірленген «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданып, Парламент Сенатына жіберілді. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында Мәжіліске берілген тапсырмалардың бірі болатын. Президентіміз осынау маңызды бастамасын Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық Кеңесі Саммитінде және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 75-сессиясында жариялап, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне есеп беріп отыратын Биологиялық қауіпсіздік жөнінде Халықаралық агенттік құру туралы ұсыныс енгізген еді.

Заң жобасы әр түрлі инфекциялардың алдын алып, болдырмауға, ескертуге, осы бағытта болжамдар жасауға халықтың денсаулығын, жануарлардың жай-күйін күйттеп, сақтауға қоршаған ортаны биологиялық қауіп-қатерден қорғауға заңды мүмкіндіктер береді. Сонымен бірге еліміздегі барлық биозертханаларды жарақтандыру, ондағы білікті мамандарды әлеуметтік жағынан қолдау, биоқауіпсіздік саласында бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйені құру ісі қарастырылып отыр. Төтенше немесе соғыс жағдайында жоғары қауіп көзін туғызатын орындар мен ошақтардың жұмысын азаматтық қорғаныс тәртібімен реттеу де пысықталған. Ең бастысы – биологиялық қауіпсіздік саласында үйлесімді мемлекеттік басқару жүйесі орнайды.
«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасы 2021 жылғы 8 желтоқсанда Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданды.
Заң жобасын пысықтау барысында депутаттар заң жобасының мазмұнын, жалпы сапасын жақсартатын түзетулер енгізді. Оның ішінде:

– биологиялық қауіпсіздік саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды, олардың құзыреттері мен өкілеттіктерін нақтылау бойынша түзетулер қабылданды;

– биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау тетіктерін жетілдіру мақсатында заң жобасы жедел ден қою шараларын қолдану тәртібін реттейтін жаңа баппен толықтырылды;

– ақпарат алмасу бөлігінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мен бағыттары, оларды оқшаулау мен жоюға қатысу жүзеге асырылатын төтенше жағдайлардың түрлері нақтыланды;

– патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат беру, биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу және мониторинг тетіктері нақтыланды;

– биологиялық қатердің туындау және оларды жою жағдайларында қолдануға арналған дәрілік заттарды, препараттар мен медициналық бұйымдарды жедел мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі көзделген;

– патогенді биологиялық агенттерді жіктеу критерийлері нақтыланды;

Адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің ауру жағдайларын биологиялық қатерлерге жатқызу мәселелерін реттейтін нормалар пысықталды. Атап айтқанда, адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің ауруы бойынша нақты қандай статистикалық және есептік деректердің артуы елдің биологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні нақтыланды. Сондай-ақ заң жобасының нормаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында түзетулер, редакциялық сипаттағы түзетулер енгізілді.

Жұмыс тобының 20 отырысы, сондай-ақ бас Комитеттің 2 кеңейтілген отырысы өткізілді. Салыстырмалы кесте қабылданған 307 позициядан тұрады.

Мәжілістің барлық комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді.

Дархан МЫҢБАЙ,
Мәжіліс депутаты, заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі

30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза
30 қыркүйек, 13:20
Түркістан: Полиция жастар мен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
30 қыркүйек, 12:55
Назерке Тәнекеева: Қолдау бар. Тек тәуекел етіп, кәсіп бастау керек
29 қыркүйек, 22:52
Су үнемдеудің сәтті тәжірибесі
27 қыркүйек, 16:46
Түркістан: Жан-жақты іс-қимыл - мал ұрлығына тосқауыл