«Шин-Лайн» компаниясы алғаш рет балмұздақ өндіретін фабрикаға онлайн экскурсия ұйымдастырды. Фабриканың қонақтары қатарында Алматы облысындағы бірқатар балалар үйлерінің тәрбиеленушілері бар.
Білім күніне орай ұйымдастырылған виртуалды саяхат балалар үшін жағымды мерекелік тосын сый болды және оларға балмұздақ өндірісінің барлық кезеңдерін тамашалап, сондай-ақ лимонадтың дәмімен барлығына таныс, маусымның жаңалығы – «Ключик Буратино» жеміс мұзынан дәм татуға мүмкіндік берді.
Жаңа дистанциялық форматта оқыту мұғалімнен белгілі бір дайындықты және интерактивті оқу құралдарының болуын талап етеді. Компанияда тамақ өндірісінің жұмысымен танысу үшін бейне-сабақ сияқты еліктіретін тәсілді қолдану мектеп оқушылары үшін қызықты құрал ретінде санады. Ал сабақ қорытындысы бойынша бағалау жүйесіне нені ұсынуға болады? Әрине –жеміс мұзы. Мұндай онлайн оқыту жас қатысушылардың көңілінен шықты, ыстық күнде сергітетін дәмді сыйды да атап өткен жөн.
— Бала кезінде кім балмұздақ сатушысы болғысы келмеді? Мүмкін болашақта біздің балалар тамақ өндірісі саласындағы мамандықты таңдар – технолог, зертханашы, кондитер, инженер және тағы басқалар. Мұндай іс-шаралар біздің тәрбиеленушілеріміз үшін өте маңызды және оларға оқуға деген ынтаны арттыруға, мамандықты таңдауға, өздерінің болашағын көруге көмектеседі. 1 қыркүйек – мектеп жасындағы балалар үшін ерекше мереке. Сондықтан біз «Шин-Лайн» компаниясына Білім күнінде қызықты әрі тәтті атмосфераны сыйлағаны үшін айрықша ризамыз, – деді «Солнышко» балалар үйінің директоры Ирина Смирнова.