Отандық телеарналардың бірінде зіңгіттей жігіттер «Биенің төлі — түйе» — деп соғып отыр. Олар білмей отырған жоқ. Бәрін біледі. Жеті қат жердің астындағыны біледі. Қалыңдық іздеп жүрген олар түгілі, 3 жастағы тілі былдырлап жүрген балалар түйенің не екенін жақсы біледі. Ал мыналардікі, қазақша айтқанда, көлгірсігендік. «Қалада өстім, қазақтың салт-дәстүрінен хабарым жоқ» деген «тәлпіштік».