ШҚО-да тағы бір жаға ұстатарлық жағдай орын алды. Облыстың Шемонаиха ауданында безбүйрек ана өлі сәбиді дүниеге әкеліп, шақалақтың денесін иен далаға тастап кеткен деп хабарлайды.
Nur.kz хабарлағандай. оқиға осы демалыс күндері орын алған. ШҚО-дағы Қызыл Шемонаиха елдімекенінің маңынан жергілікті тұрғындардың бірі нәрестенің өлі денесін тауып алыпты
Ауыл тұрғындарының айтуынша, полицейлер бірден шақалақтың анасын іздеуге кіріскен екен.
ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде сәбидің анасы табылған. Ол 35 жастағы осы өңірдің тумасы болып шығыпты.Келіншек түсік тастап, баласы дүниеге өлі күйінде келген көрінеді. Безбүйрек ана қорыққанынан, баланың денесін шүберекке орап, далаға тастай салған. Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 100 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.