jasqazaq.kz

Берік Асылов: Жыл сайын он мыңдаған кәсіпкердің құқығын қорғаймыз

05 желтоқсан 2024, 11:28

Жеке кәсіпкердің қызме­тін­е мемлекеттік органдар­дың араласу фактілері орын алған жағдайда олардың құқық­та­рын прокурорлардың қор­ғауы Про­ку­ратура туралы консти­ту­ция­лық заңда көр­се­тілген. Бұл туралы еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов «Егемен Қазақстан» басылымына берген сұхбатында айтып өтті.

Бас прокурор осы мәселе туралы тілші сауалына былай деп жауап берді:

«Прокурорлар әрқашан адал бизнестің ғана мүддесін қор­ғайтынына назар аударған жөн.
2000 жылдан бастап Бас проку­ратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде бизнесті тексеру міндетті түрде тіркелуге жатады. 2015 жылдан бастап жоспарлы тексерулерге толығымен ты­йым салынған. Олардың орнына тәуекелдерді басқару жүйесіне негіз­делген кәсіби бақылау енгізіл­ген. Ол жазалау сипатында емес, айыппұлсыз, алдын алуға бағыт­талған. Тек кемшіліктерді жой­ма­ған жағдайда жауапқа тартылуы мүмкін.
Бақылаушы органдар тарапынан бизнеске түсетін салмақты азайту бойынша жұмыс Мемлекет бас­шысының Экономиканы ырық­тандыру жөніндегі шаралар туралы мамыр айындағы Жарлығында да жалғастырылған. Нәтижесінде, тексерулер жоспарлы түрде азайды. 10 жыл ішінде олардың саны 6,5 есеге қысқарды (319 мыңнан 48 мыңға дейін). Мұның барлығы еліміздің іскерлік ахуалына оң ықпал етеді. Жыл сайын он мыңдаған кәсіп­кер­дің құқығын қорғаймыз, мыңдаған заңсыз шектеу шарасын жоямыз, 9 мыңға жуық заңсыз тексерудің жолын кесеміз, мыңнан аса шенеунік жазаға тартылады.
«Атамекен» ҰКП және депутат­тық корпуспен бірлесіп тұрақ­ты түрде бизнес-форумдар өткізі­леді. Онда бизнес үшін жүйелі мәселелерді шешу шаралары әзірленеді. Тек осы жылдың өзінде форум нәтижесі бойынша 40-тан аса осындай мәселе шешімін тапты. Мысалы, Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылдан бастап субсидия беруге негіз болған ауыл шаруашылығы техникасының шекті құны туралы мәліметтерді жаңартпаған. Салдарынан шаруалар өздерінің шығындарына болмашы ғана төлемдер алып отырған. Біздің бастамамыз бо­йынша шаруалар пайдаланатын ауылшаруашылық техникасының 58 түріне шекті баға қайта қаралды. Жарнама үшін салық салу практикасы, заңсыз мониторингтер жүргізу, жеке кәсіпкерлерге қатысты салық бұйрықтарын шығару қысқартылды, бөлшектеп сату саудасы үшін орындар белгіленіп, осы тәріздес көптеген жұмыс атқарылды».

JQ-Aqparat

Фото: inbusiness.kz

Бүгін, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
Бүгін, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
Бүгін, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған