jasqazaq.kz

Б.Сапарбаев ауыл әкімдеріне: Қазір ұйықтайтын уақыт емес

06 ақпан 2018, 13:14

Өңір басшысы ауылдағы әкімдердің өздігінен әмір жүргізетіндігін сынға алды.
Облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдағанда өңір басшысы Бердібек Сапарбаев «ұйықтап жүретін әкімдерді» сынға алды. Оның сөзінше, ауыл әкімдері мен мектеп директорлары өздігінен «хан» болып алған.

«Өмір бойы әкім боламын деп ойлайды. Әрдайым айтамын, бұл әкесінің сатып алған қызметі емес. Ал бізде көптеген ауыл әкімдері мен мектеп директорлары хан болып алған. Ауылды өзінің жеке меншігі, мектепті өзінің меншігі деп отыра береді. Қазір ұйықтап отыратын заман емес! Ол дәуір баяғыда өтіп кетті», — деді Сапарбаев жиналған шенеуніктерге.

Содан кейін «Құлан» мен «Алтын асық» бағдарламаларын орындауда төмен көрсеткішке ие болған ауылдық округ әкімдері сөгіс естіді.

«Қолыңыздан келмей ме? Бірден айтыңыз. Қолыңыздан келмесе, онда «басқа жұмысқа барайын» деп мал бағыңыз», — деді Бердібек Сапарбаев Байтурасай ауылдық округінің әкіміне.

aktobenews.kz

Бүгін, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады