АИ 92 маркалы отын құны көп жерде 4 теңгеге бірақ көтерілген. Орташа 158 теңгеден сатылып келген жанармайды жұртшылық енді 162-163 теңгеден сатып алып жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Осыған дейін баға тұрақты болады деген Энергетика министрлігінің болжамы тазша баланың қырық өтірігіне айналғандай. Бірақ, оптимист министр Қанат Бозымбаев өткен апта ит жылында тапшылықтың болмайтынын жеткізді. Сәйкесінше, қымбатшылықтың да ауылы алыс болуы тиіс. Өйткені, жаңғыртудан өткен үш мұнай зауыты өндірісті арттырады. Сол үшін жанармай сақтайтын қор да құрылмақ. Бірақ, әзірге бағаның қымбаттамаса, арзандайтын түрі жоқ.