jasqazaq.kz

Бензин мен көмір неге жетпейді?

08 ақпан 2018, 18:49

Мұнай өңдеу кәсіпорындарын модернизациялауға кеткен шығын жаңа зауыттың құнынан да асып кетті. Депутат Бақтияр Мәкен осындай мәселе көтеріп, бензин бағасына қатысты халықтың жанайқайын Ұлттық экономика министрлігіне жеткізді. Жыл сайын жанармай құнының өсіп келе жатқанына алаңдаған мәжілісмен кейбір елдердің тәжірибесін еске салды. «Мысалы дамыған мемлекеттерде 5-6 жылдан бері бір бағада тұрады» дейді депутат Бақтияр Мәкен.

Осыдан бірнеше жыл бұрын жаңа мұнай зауытын салуға қазынадан 6 млрд теңге қажет болыпты. Ал қолданысты өңдеу кәсіпорындарын модернизациялауға 3 млрд теңге жұмсалады деген есеп-қисап жасалған. Алайда, бензин бағасы көтерілген кезде зауыттар жөнделіп жатады. Бірақ жөндеу біткен кезде де өскен баға кері түспейді.Үкіметтің айтатын жаттанды жауабын жалыққан Бақтияр Мәкен «Бензиннің бағасы бір көтерілген соң түспейді. Әрдайым солай, оны көріп отырмыз. Зауыттардың модернизациясы жылдарға созылып барады. Мәселе де жылдан жылға күрделеніп барады. Қашан толығымен шешіледі. Заң шеңберінде реттеуге болмай ма», — дейді депутат.

Баға саясатына жауапты ұлттық экономика министрлігі бензин құнын негізсіз көтерген монополистерге айыппұл салып, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді.
«Министр бұған жауап берді кезінде, сөгіс те алғанын білесіздер. Қазіргі уақытта жаңғырту жұмыстары аяқтала келген сияқты. Бүгінде тексеру шараларын бітіріп жатырмыз, қорытындысын айтамыз. Монополистерге 1 млрд теңге айыппұл салдық», дейді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин.

Ал отын тапшылығына байланысты қыс ортасында кен орындарын аралап жүрген энергетика министрі көмір өндіруші кәсіпорын басшыларына ескерту жасап қайтыпты. Қанат Бозымбаев көмірді сыртқа таси бермей, «алдымен елді қамтып алыңдар» деп бүрсеңдеп отырған халықтың қамын ойлауға шақырған.

«Ішкі нарықты жүз пайыз қамтамасыз ету керек. Экспортқа байланысты заң жағын қарау керек. Әзірге ескерту жасап жатырмыз. Меморандумға қол қойып, жұмыс істеуіміз керек»,- деді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев. Ал ұлттық экономика вице-министрі көмір бағасының қымбаттауына өндірушілер емес делдалдар дейді.
Қанат Бозымбаев келгелі Энергетика министрлігі бензин мен көмірдің дауынан арылған жоқ. Министрдің сөзіне сенсек, бәріне кінәлі қаңтардағы аяз екен. Сол кезде кейбір кеніштерде жұмыс тоқтап, техникалар сыр берген.

Jasqazaq.kz

Бүгін, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
Бүгін, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
Бүгін, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
Бүгін, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
Бүгін, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
Бүгін, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
Бүгін, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
Бүгін, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады