jasqazaq.kz

«Бензин емес, су құяды» дегендерге «Гелиос» компаниясы жауап берді

07 желтоқсан 2017, 17:21

«Гелиос» компаниясы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бейнекадрда «Гелиос» жанармай құю стансасының қызметкері шлангты ыстық сумен жібітіп жатқан сәті түсірілген. Ролик авторы «бензин орнына су құяды» деген тұжырым жасап, «pod_nebom_ukg» паблигіне жариялап жіберген. Оқиға Өскеменде түсірілген. Компания өкілдері аты шулы видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Метеоқызметтердің көрсеткішіне сәйкес қарашаның 28-29-ына қараған түні Өскеменде ауа температурасы минус 16,5 градус болған. Бұл температурада жазғы дизель отыны қатып қалады. Негізі бұл мұнай өнімінің қату көрсеткіші паспорт бойынша минус 10 градус. ЖЖС қызметкерлері шлангты ыстық сумен жұмсарту арқылы колоннадағы дизель отынын жібітпек болған. Бұл қауіпсіздік нормасына қайшы келмейді. «Гелиос бензин емес, су құяды» деген тұжырым жаңсақ айтылған. Себебі, дизель отыны қатады, сондықтан ол қысқы, жазғы деп бөлінеді», — деді компаниядан. Сондай-ақ, компания өкілдерінің айтуынша, жазғы дизель отыны көлігі жылыту жүйесімен жабдықталған клиенттерге қыста да сатыла береді. Сонымен қатар, «Гелиос» компаниясының әкімшілігі басқа клиенттің бакта мұз қатқаны жайлы видеосын тексеріп жатыр. «Бұл бойынша тексеру жүріп жатыр. Алайда, бұл видеода да ол адамның біздің жанармай стансасына жанармай құйғанын растайтын чегі жоқ, құр сөз. Видеода тек бак көрсетілген», — деді компаниядан.

 ҚазАқпарат

Бүгін, 7:45
KPI – отандық өнім өндірудің озық үлгісі
29 шiлде, 19:18
Аралдық кәсіпкер қайықтың төрт моделін жасап, сатылымға шығарды
29 шiлде, 14:10
Түркістан: Бақша өнімдерін өсіруге басымдық берілуде
29 шiлде, 14:01
Түркістан: Бәйдібек ауданына мажарстандық инвесторлар келді
29 шiлде, 13:49
Түркістан: Сауран ауданында 200-ге жуық мал бордақылау алаңы салынады
29 шiлде, 12:55
Кентауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тігін цезы ашылды
28 шiлде, 13:42
Түркістан: Ордабасыда ынтымақтастық рухын арттыруға арналған жиын өтті
28 шiлде, 13:40
Түркістан: Мақтаралда халықаралық өнлдірістік копперация орталығына инфрақұрылым тартыла бастады
28 шiлде, 11:43
Ынтымақтастық рухы: Ордабасыда қымызмұрындық өтті