Астанада параға коммерциялық сатып алу күдігімен Forbes тізіміндегі белгілі бизнесмен Еркін Әмірханов қамауға алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Центрказэнергомонтаж» АҚ-тың сатып алу қызметі жөніндегі бұрынғы төрағасы Е.А.Әмірхановқа қатысты соталды тергеу бастады, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 253-бабының 6-бөлігінде қарастырылған құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінді», — деп хабарлады ведомство өкілдері. Бизнесмен 5 мамырда ұсталған. Келесі күні Астананың №2 Есіл аудандық соты оған қатысты екі ай мерзімге «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған. «Соталды тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігі бойынша істің өзге мәліметтері жария етілмейді», — дейді ҰҚК өкілдері.