jasqazaq.kz

Бейіттің ішіне малын жайып жүрген азамат ұсталды

09 сәуiр 2018, 15:46

Қостанай қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің қызметкерлері әуежай маңындағы жылқылар жайылып жүрген бейітті тексерді.

Бұл туралы Alau.kz сайтына сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды. Тексеру барысында жылқыларын бейітте жайып жүрген адам қолға түсті. Ол осы бейіттің маңындағы фермалардың бірінің қожайыны екен.  «Қалалар мен елді мекендердің көріктендіру тәртібін бұзу, инфрақұрылым нысандарын қирату, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою» 505-бап талаптарын бұзғаны үшін жылқылардың иесі жауапқа тартылды. Енді оған 72 мың 150 теңге көлеміндегі айыппұлды төлеу қажет»,-деді Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Арман Ахметқали.

Әуежай маңындағы зиратқа «Стикс 2012» ЖШС-і қызмет көрсетеді. Оларға зиратты жіті бақылауды қолға алып, адамдар жерленген аймақта малдың жүруіне жол бермеу жөнінде кеңес берілді.   Айта кетейік, осыған дейін бейітте жайылып жүрген жылқыларға қатысты қостанайлықтар шағым жасаған болатын.

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды